Синоптиктердің ақпаратына сәйкес, шығыста, орталықта қар жауады, аздап бұрқасын соғады. Ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін. Жалпы, ауа райы болжамы бойынша, республикада тұман түсіп, жел күшейеді. Ал батыста шаңды дауыл сақталады. Астанада түнде ауа температурасы -15 -17 градусты көрсетеді, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы -4 -6 градусқа дейін көтеріледі және ауа райы ашық болады. Алматы қаласында түнде термометр бағаны -2 -4 аязды көрсетіп, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Тұман түсуі мүмкін. Ал күндіз ауа райы +7 +9 градусқа дейін жылынып, көшпелі бұлт жүріп, жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Шымкентте түнде ауа температурасы +6 +8 градус деңгейінде болып, мұнда да жауын-шашынсыз көшпелі бұлт жүруі мүмкін. Ал күндіз +14 +16 градусқа дейін жылынғанымен, көшпелі бұлт жүріп, күн ашық болады.