20 наурызға арналған ауа райы болжамы
20 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото sinarjateng.pikiran-rakyat.com
621
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронт әсерінен республиканың шығысында, оңтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің шығысында, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, еліміздің батысында шаңды дауыл соғады.