Астана мен Бейжің арасында әуе рейсі қайта жанданды
Астана мен Бейжің арасында әуе рейсі қайта жанданды
Фото: yandex.kz
340
оқылды
Пандемиядан кейін екі араға ұшақ 1 рет қатынайды. «Хабар 24» арнасының мәліметінше, алғашқы ұшаққа 110 адам билет алды. Жазда әуе рейсін көбейту жоспарда бар. Қазақстан мен Қытай астанасының арасындағы әуе рейсі 2020 жылдың наурызында пандемияға байланысты тоқтатылды. Бүгінде жалпы екі елдің арасына аптасына 11 рейс бар. Пандемияға дейін олардың саны 30-дан көп болатын. Сондай-ақ визалық шектеулерді алу бойынша келіссөз жүріп жатыр. Аймақтық аға менеджер Ислам Секербеков: «Бүгін Бейжің-Астана рейсінің жолаушыларын құшақ жая қарсы алып тұрмыз. 2020 жылдың 4 наурызына дейін аптасына 4 рет қатынаған болатын. Қытай азаматтарының әртүрлі елдерге саяхаттау ережелеріне енгізілген соңғы өзгерістер бойынша, Қазақстан туристер ұшып бара алатын елдер тізіміне енді. Наурыздың аяғынан бастап Бейжің-Алматы-Бейжің рейстерінің саны көбейеді», – деді.