Ақмола облысында сайлаудан кейін тазарту шаралары ұйымдастырылды
Ақмола облысында сайлаудан кейін тазарту шаралары ұйымдастырылды
537
оқылды
Республикалық тазарту акциясы Ақмола облысында да кеңінен қолдау тапты. «Жастар рухы» Жастар қанатының бастамасымен сайлау додасынан кейінгі үгіт-насихат парақшалары мен үнпарақтар қала көшелерінен тазартылып жатыр. Шараға «AMANAT» партиясының мүшелері де белсене қатысып қала көшелерінде жапсырылған материалдарды жинастыруда, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Жалпы сайлау додасына дейін өңірде 485 жастың қатысуымен жалпы саны 112 мыңға жуық үгіт-насихат парақшасы жабыстырылды. Ал бір мандатты округ бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісі мен жергілікті мәслихатқа үміткерлердің 173 мың үгіт-насихат материалы таратылыпты. Оған қоса Ақмола облысы бойынша сайлауалды үгіт-насихат бойынша 13 мың іс-шара өткізіліп, онда 500 мыңға жуық азамат қамтылды.