Түркістан облысында 4 жасар қыз Арыс өзеніне құлап кетті
Түркістан облысында 4 жасар қыз Арыс өзеніне құлап кетті
© видеодан алынды
650
оқылды
Түркістан облысында 4 жасар қыз Арыс өзеніне құлап кетті, – деп хабарлайды polisia.kz. Түркістан облысының полицейлері жоғалған қызды іздеуге жұмылдырылды.
– «17 наурыз күні үш кәмелет жасына толмаған туыс кішкентай қыздар Еңбек ауылының маңында ағып жатқан Арыс өзеніне барған. Алдын ала болжам бойынша, қыздардың бірі өзеннен өтпекші болып, абайсызда жағадан суға құлаған. Ал судың ағыны оны алып кеткен. Қызды іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімінің толық жеке құрамы мен аудандық прокуратура, ТЖМ-нің қызметкерлері, 30 ерікті жұмылдырылды. Қазіргі уақытта қызды іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.