ЕҚЫҰ-ның қысқамерзімді миссиясының жұмысы қорытындыланды

ЕҚЫҰ-ның қысқамерзімді миссиясының жұмысы қорытындыланды

ЕҚЫҰ-ның сайлауларды байқау жөніндегі қысқамерзімді миссияның арнаулы үйлестірушісі әрі жетекшісі Ирен Чараламбидес 19 наурызда өткен сайлауға қатысты негізгі қорытындысын жариялады. – Соңғы 13 жыл бойы Қазақстандағы сайлауларды тұрақты байқап келеміз. Өзімізді Қазақстанның достары әрі серіктестеріміз. Сондықтан тамаша елге жәрдем көрсету міндеттемесін мойнымызға алдық. Кеше 300-ден астам байқаушымыз бүкіл аймақ бойынша жұмыс істеді. Олардың жұмысының негізінде және ұзақмерзімді байқаушылардың пікіріне сүйене отырып, негізгі қорытындыны жария етпекпіз, – деді Ирен Чараламбидес елордада өткен брифингте. Шетелдік байқаушының айтуынша, елімізде жүргізілген реформалар  аясында Қазақстанды халықаралық стандарттарға және ЕҚЫҰ міндеттемелеріне сай сайлау өткізілді. «Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасы Демократиялық институттар және адам құқы бюросының бұған дейінгі ұсынымдарын ескере отырып, бірқатар өзгеріске түсті. Сайлаушылар үшін өзгертулер енгізіліп, таңдау мүмкіндігі кеңейтілді», – деді Ирен Чараламбидес. Сонымен қатар, конференцияға мамандандырылған координатор және ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы делегациясының басшысы Рейнхольд Лопатка, ДИАҚБ сайлауды бақылау жөніндегі миссиясының басшысы Эоган Мерфи қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. – Бәсекелестіктің күшеюі, әсіресе өзін-өзі ұсынушылар арасында маңызды оқиға. Болашақта әрбір сайлау учаскесі бойынша нәтижелерді жариялау – халықтың ашықтығы мен сенімін артқанын көрсетті. Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасы Демократиялық институттар және адам құқы бюросының бұған дейінгі ұсынымдарын ескере отырып, бірқатар өзгеріске ұшырады. Сайлаушылар үшін өзгертулер енгізіліп, таңдау мүмкіндігі кеңейтілді, – деді ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы делегациясының басшысы Рейнхольд Скопатка. Соңғы өзгерістер саяси мүмкіндіктердің ауқымын, соның ішінде бір мандатты округтерде өзін-өзі ұсынған үміткерлердің кандидатураларын ұсыну мүмкіндігін, сондай-ақ саяси партияларды тіркеуге қойылатын жаңартылған талаптарды арттырды. «Жалпы, сайлау процесіне қатысушылар белсенді қатысты. Ауылдық жерлерде сайлауалды қызметтің көрінуі төмен болды. Партиялық платформалар мен жолдаулар әлеуметтік және экономикалық мәселелердің кең ауқымын қарастырды, бірақ Президенттің реформалық күн тәртібін тұтастай қолдады. Онлайн режимінде мажоритарлық жарыстардың белсенді өтуіне ықпал етті, кейбір өзін-өзі ұсынған кандидаттар балама бағдарламаларды ұсынды» делінген сайлаудың қабылдау жөніндегі комиссияның мәлімдемесінде.