Мәжіліске 6 партия өтті: сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды
Мәжіліске 6 партия өтті: сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды
Фото: Halyq Uni
985
оқылды
Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлаудағы партиялар жинаған дауыстың алдын ала қорытындыларын жария етті. Жалпы, дауыс беруге құқылы 12 млн 35 мың 578 адамның сайлауда 6 млн 366 мың 441-і дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысына сай, саяси науқанға түскен партиялар төмендегідей дауыс жинаған: 1. «AMANAT» партиясы – 53,90% 2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90%, 3. Respublica партиясы – 8,59%, 4. Қазақстан Халық партиясы – 6,80%, 5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30%, 6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41% 7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,20% дауыс жинаған. «Бәріне қарсымын» бағаны бойынша көрсеткіш 3,90%.  width= Осылайша, Парламент мәжілісіне алты партия, атап айтсақ, «AMANAT», «Ауыл», Respublica, «Ақжол» демократиялық партиясы, Қазақстан Халық партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өтті.