Бағасы биік байқау
Бағасы биік байқау
200
оқылды
Осыған дейін «Салауат Астана» қоғамдық бірлестігі TÚTINDETPE.kz байқауын ұйымдастыратынын жаздық. Қатысушылар әлеуметтік же­лі­ге #tútindetpe.kz #neparovoz'.kz хэштегімен 1 жел­тоқ­­сан мен 31 қаңтар ара­лы­ғында жазба жарияла­ды. Ал жуырда ең креативті ви­део мен вайн, челлендж, су­рет пен жазба авторлары ма­­ра­патталды. Байқауға 65 қатысушы 200-ден астам жұмыс жіберген. 4 аталымның жүлде қоры – 1 млн теңге. Оған қосымша «Таңдаулы блогер» ата­лы­мы бар. Жеңімпаздарды Nur Otan партиясы мүшесі Гүлнар Сейіт­­мағанбетова, Президент Іс бас­қармасы медорталығының бас­шысы Алексей Цой, Алматы қала­лық мәслихат депутаты Қайрат Құ­дайберген, экономист Рақым Ошақбаев пен «Қазақстанды те­ме­кі түтінінен азат ету» ұлттық коалициясы төрайымы Жәмилә Сады­қова марапаттады. Жо­ба­­­­ның 2 ай ішінде мұндай көр­сет­­­кішке жеткені қуантады. Бірін­ші­ден, сіздердің саламатты өмір сал­тына немқұрайды қарамай, за­мандастарыңызды зиянды әдеттен бойын аулақ салуға ша­қыр­­ғандарыңызға ризамын. Теме­кінің зияны жөнінде толық ақпа­рат беру турасында белсенділік таныт­ты­ңыздар. Әрқайсысыңызға зор алғыс білдіремін. Байқауға келсек, жұмыстың көптігіне байланысты бізге таңдау қиынға түсті. Әрбір жұ­­мысты жан-жақты қарауға ты­рыстық. Кей жеңімпазды анық­­таған кезде бір дауыс үлкен рөл ойнады», – деді қазылар алқа­­сы­ның төрайымы Гүлнар Сүлей­мен­қызы. Одан кейін сөз алған Алексей Цой жүлдегерді анықтаған кез­де қандай мәселеге көңіл бөл­ген­­дерін атап өтті. Алдымен кон­курс ере­жесіне сәйкес келуін қада­ға­­ла­ғанын айтты. Екіншіден, те­ме­кі өнімдерінен келер зиянды ашып көр­сетуі дәріптелген. Содан кейін автордың креативті ойы мен жұ­мы­сының маңызын негізге алған. Сондай-ақ медициналық орта­лық басшысы мұндай жобаның келешегі кемел екенін, жалғасын табуын қалайтынын жеткізді. «Таңдаулы жазба: фото немесе сурет» аталымында топ жарған Аида Сафиулинаның «Түтін» ком­­позициясы көз жауын алады. Қаты­­сушының сөзінше, идея авторы өзінің ұлы. 3D форматта салын­ған сурет түтіннің ғаламшарға зиян екенін баяндайды. Ұтымды тұ­сы – пойызды негізгі нысанға алуын­­да. Темекі түтіні мен пойыз тү­ті­­нін байланыстыра отырып, әде­мі туынды жасаған. Келесі аталым – «Таңдаулы жаз­ба: Видео/Вайн». Авторлық стоп-моушн видеосы үшін жеңім­паз атанған Меруерт Тен құрбы­ла­ры­­ның жобаға қатысуға ұсыныс біл­діргенін айтты. Монтаждың қыр-сы­рын меңгерген ару тұшым­ды видео дайындаған. Әлемде 8 млн те­мекі шегетін адам барын желеу етіп, таңдау жасауға шақырған. Сонымен бірге те­ме­кінің зияны туралы видео-ре­пор­таж сериясы үшін Тәңірберген Бер­доңғар «Таңдаулы блогер» ретінде марапатталды. «Таңдаулы жазба: Мәтін» аталымында қазақ және орыс тілінде авторлық гра­фи­­калық фотоға негізделген жаз­ба­сы үшін Мағжан Құмарбек же­ңіс­ке жетті. Челлендж түсіріп, әлеу­меттік желіде белсенділік та­ныт­қан Әділбек Арынғазы да жүл­дегерлер қатарынан көрінді. Семей­ден #КуритьЭтоНеКруто чел­­ленджін түсіруге атсалысқан доста­рын ерте келген ол байқау ұйым­дастырушыларына ерекше алғысын білдірді. 5 аталым бойын­ша үздік жұмыс авторларына 250 мың теңге көлемінде сертификат табыс­талды.   Айзат АЙДАРҚЫЗЫ