Өскеменде әуежайдан күдікті сөмке табылды

Өскеменде әуежайдан күдікті сөмке табылды

20 наурыз сағат 14:54-те Өскемен полиция қызметкерлері әуежай тұрағын патрульдеу барысында күдікті қара сөмкені тапқан.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, сигналды алғаннан кейін мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына барды. Объектілерді тексеру нәтижелері бойынша қандай да бір қауіпті заттар табылмаған.