Бірінеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бірінеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
218
оқылды
Синоптиктер 21 наурызда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батыста тұман түседі. Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз облыстың оңтүстігінде 2-7 градус жылы болады. Түркістан облысының тауларында түнде нөсер жаңбыр, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші - 15-20, екпіні - 23 м/с. Шымкентте 21 наурызда түннің бірінші жартысында найзағай ойнайды. Сонымен бірге 20 наурыздың сағат 21:00-ден 21 наурыздың сағат 21:00-ге дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады. 20 наурыздың сағат 21:00-ден 21 наурыздың сағат 21:00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.