«Жолаушылар тасымалы» АҚ Астана–Бурабай курорты бағыты бойынша ұлттық нақышта безендірілген электр пойызын іске қосты. Бұл құрам Астананы Щучье–Бурабай курорттық аймағымен байланыстырады. Мерекелік пойыз күн сайын бір ай бойы жүреді. Пойыз Астанадан таңертең жолға шығады. Жолаушыларды отырғызу «Нұрлы жол» теміржол вокзалынан сағат 06.03 минутта, ал «Астана-1» бекетінен сағат 06.57 минутта жөнелтіледі. Жол бойында құрам Ақкөл, Елтай және Макинка стансаларында тоқтайды. Мерекелік электр пойызы терминалға сағат 9.51 минутта келеді. Жолаушылардың жайлылығы үшін вагондар ауа баптайтын қондырғылармен, биодәретханалармен жабдықталған. Олар сапар кезінде ойын-сауық контент пен пайдалы ақпаратпен жабдықталған vputi.kz мультимедиялық порталды пайдалана алады.