20 мың бауырсақ таратылады
20 мың бауырсақ таратылады
263
оқылды
Наурыз мейрамын кең көлемде атап өту үшін Өскемендегі Республика алаңында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, С.Аманжолов атындағы ШҚУ және Өнер колледжі студенттерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Концерт кезінде жиналғандарға 20 мың бауырсақ таратылады.
Бүгін қала тұр­ғын­­дарына дәл осы жер­де «Ертіс кон­церт» мекемесінің өнер­паздары тарту жа­сайды. Бағдар­ла­мада спорттық ойын­дар, сауда-сат­тық және бауырсақ тарату жоспарланған. Мереке бірнеше күнге жалғасады. «22 наурызда орталық алаңда киіз үйлер қалашығы тігіліп, алтыбақан орнатылады. Мерекелік шаралар таңертеңнен кешке дейін жалғасады. Атап айтқанда, эстрада әншілері өнер көрсетіп, ұлттық тағамдар мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Халыққа 20 мың бауырсақ таратылып, спорттық жарыстар ұйымдастырылады», – деп хабарлады қала әкімдігі.