Әнші Данэлия Төлешова 29 наурызда АҚШ-тың Хьюстон қаласында бір сағаттық концертін өткізетінін PR-директоры Татьяна Синенко хабарлады.
«Концерт камералық залда өтеді. Мен, әрине, қобалжып тұрмын. Көрерменге танымал кавер әндерді орындаймын. Авторлық әндер де бар. Билли Айлиштің реперуарынан бірнеше ән болады», – деді әнші. Жас өнерпаз Қазақстанда үлкен концерт өткізуді армандап жүргенін айтады.
«Міндетті түрде өзімнің әнімдерімді ғана орындаймын. Ерекше есте қаларлықтай кеш болады», – дейді ол.
Әншінің фан-топтары концерт билеттерінің суретімен бөлісіп жатыр. Оған Германия, Канада, Польша елінен фанаттар келеді.
[caption id="attachment_24586" align="alignnone" > Фото: Интернеттен алынды[/caption]
Менеджердің айтуынша, концертті ұйымдастыруға «Cypress Creek FACE» білім қоры мұрындық болып отыр. Бұл қор талантты жастарды АҚШ сахнасына шығарумен айналысады.