Әлем чемпионатында бүгін бес қазақстандық спортшы бақ сынайды
Әлем чемпионатында бүгін бес қазақстандық спортшы бақ сынайды
©https://qazsporttv.kz/
Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін бес қазақстандық спортшы бақ сынайды. Бұл туралы "ҚазАқпарат"  хабарлады.  Астана уақытымен сағат 14.30-да басталатын күндізгі сессияда үш қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Алуа Балқыбекова 48 келіге дейінгі салмақта ресейлік Юлия Чумгалаковамен шеберлік байқасады. Карина Ибрагимова (57 келі) әзербайжандық Махсати Хамзаевамен, Аида Әбікеева (63 келі) қытайлық Ченьгю Янмен сынға түседі. Сағат 18.30-да басталатын кешкі сессияда Римма Волосенко (60 келі) сербиялық Наталья Садринамен, Надежда Рябец доминикандық Мария Моронта Эрнандеспен рингке шығады. Әлем біріншілігі  Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Бұдан бұрын Мәдина Нұршаева  ширек финалға өткен. Сондай-ақ Жайна Шекербекова мен Валентина Хальзова 1/4 финалға жолдама алды.