Алматы облысында 9-сыныптың оқушысы босанып, сәбилі болды
Алматы облысында 9-сыныптың оқушысы босанып, сәбилі болды
© tagilcity.ru
2,379
оқылды
Жаға ұстатар жайт Іле ауданына қарасты Междуреченск ауылында болған. 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды. Ал аудандық білім бөлімі де, мектептің басшылары да оқушының зорлық көргенін білмеген. Кәмелет жасқа толмаған қыздың ата-анасы баланың әкесі 53 жастағы көршісі болуы мүмкін екенін айтқан. Бұл жайында Еуразия арнасына хабарлады. Аудандық Полиция басқармасының тергеушісі аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді. Полиция нәресте мен 53 жастағы күдіктінің биологиялық туыстығын тексеру мақсатында олардан ДНҚ сынамасын алған. «Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық (кәмелетке толмаған адамға қарсы жасалған зорлау, жәбірленушіге күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіріп, жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы қылмыс үшін 15 жылдан 17 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Аудан тұрғыны аталған бап бойынша күдікті ретінде танылды», – дейді Іле аудандық Полиция басқармасының тергеушісі Дастан Таңсықов. ДНҚ сараптамасының қорытындысы бойынша,  көршісінің қылмысқа барғаны нақты дәлелденген. «2007 жылғы жасөспірім жуырда босанды. Сәбиден биологиялық материалдар алынып, сот-молекулярлық генетикалық сараптама жасалды. Нәтижесінде, нәресте мен 1969 жылы туған күдікті ер адамның туыстық ықтималдығы 99 пайыз екені көрсетілді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Ал 1969 жылы туған азамат қамауға алынды», – дейді тергеуші.