Келіншегі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды
Келіншегі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды
Фото: mail.kz
2,779
оқылды
Ақтөбе облысында келіншегі мен өгей қызын пышақтаған мектеп директоры сот залынан босатылды. Судья оның жақындарын өлтіруге ниеті болмағанын айтты. Бұл жайында КТК арнасы хабарлады. Үкімді тыңдауға жәбірленуші тарап келмеді. Олар аудан орталығынан онлайн-байланыс арқылы қосылды. Осыдан бес ай бұрын Шалқар ауданындағы Жаңақоныс ауылында 37 жастағы білім ошағының басшысы ұстаздар мерекесін тойлаған. Мас болып әйелімен сөзге келеді. Жүкті келіншегіне пышақ ала жүгіріп, денесінің бірнеше жерін тіліп жіберген. 8 жасар өгей қызының да құлақ тұсын пышақпен кесіп өткен. Оған адам өлтіруге оқталды деген айып тағылып, тәртіп сақшылары қамауға алған еді. Бірақ сотта жарақаттың жеңіл екені анықталған. Сондай-ақ ауыр қылмысқа барар болса, жарының жанды жерінен пышақ сұғуына мүмкіндігі болды деген судья таққан айыпты тым ауыр деп шешті. Оған бес айда қамауда отырғаны жаза болды деп есептеп, әйелі мен өгей қызына 2 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді. «Сотталушының жәбірленушіні өлтіруге пиғылы, ниеті болмаған. Ол бір нақты пиғылсыз, белгілі бір ниетсіз, ашумен әрекет еткен.  Өз әрекетіне жауапсыздықпен қарап, келтірген зиянға мән бермей, тек қорқыту үшін жеткілікті қандай да болсын бір күш қолданып, зиян келтіруге ниеті болмаған деп есептейді», – деді Ақтөбе облысы ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сот судьясы Нұрлан Бақтығалиев.