Шымкенттік спортшы жігіт екі келінді қатар түсірді
Шымкенттік спортшы жігіт екі келінді қатар түсірді
8,095
оқылды
Әлеуметтік желіде екі келіннің бетін бірге ашқан видео тарады. Желі қолданушысының сөзінше, бұл жағдай Шымкентте болған. 27 жастағы спортшы жігіт екі қызды бірден алып қашып, үйіне алып келген. Жігіттің анасы қыздардың біреуін ғана алып қалуды сұраған. Бірақ қыздардың екеуі де аттаған табалдырықтан шықпайтындарын айтыпты, — деп жазды KYN.KZ тілшісі. Желі қолданушысы осы видеоны жүктегеннен кейін жағдай бойынша мынадай ақпарат берген.
"Жігіт 1996 жылғы. Әп-әдемі екі қызды бірдей әкеліпті. шешесі жылап, біреуін таңда десе қыздар кетпей қойыпты. Жігіттің шешесі қыздардың әке-шешесіне де хабарласыпты. олар да қыздарының таңдауына көніпті. Бірақ қуғыншы тағы сол сияқты заттар болмайды депті. Кешке барып, екі келіннің көрімдігін беріп, көріп қайттық. екеуі де әп-әдемі", — дейді ер адам аудио жазбады.
Желіде тараған ақпарат бойынша KYN.KZ тілшісі Түркістан облысы әкімдігіне бұл жағдайдың қаншалықты шындыққа жанасатынын білу мақсатында хат жолдап қойды. Қандай да бір жауап болған сәтте жариялайтын боламыз.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)