Павлодарда мұз астынан ер адамның мәйіті табылды
Павлодарда мұз астынан ер адамның мәйіті табылды
Фото: commapress.ru
384
оқылды
Ертіс мұзынан, Павлодар-Ленинский тасжолындағы көпір астынан белгісіз ер адамның денесі табылды. ТЖД баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, бұл туралы хабарлама құтқарушыларға сағат 22.23-те “112” пультіне хабарланған. "20 наурызда Павлодар-Ленинский көпірі астынан мәйіт табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Шақыру орнына келгеннен кейін жоқ ер адамның денесі табылды", — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі өкілдері. Құтқарушылардың айтуынша, белгісіз ер адам өлімінің себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.