Атырауда психотроптық заттар сатумен айналысқан әйел ұсталды
Атырауда психотроптық заттар сатумен айналысқан әйел ұсталды
653
оқылды
Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті 20 наурыз күні сағат 20.05 шамасында ұсталған. "Атырау қаласындағы “Береке” ықшамауданында Атырау қалалық Полиция  басқармасы №2 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері психотропты және өзге де дәрі-дәрмектерді сатумен айналысқан 1991 жылғы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған азаматшаға ҚР ӘҚБтК-нің 424-бабына сәйкес, яғни заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет дерегі бойынша хаттама толтырылып, іс-құжаттар сотқа жолданды", — делінген хабарламада.