Атыраулық полицейлер арбадан түсіп қалған бүлдіршінді үйіне жеткізді
Атыраулық полицейлер арбадан түсіп қалған бүлдіршінді үйіне жеткізді
815
оқылды
Оқиға 18 наурыз күні сағат 21.40 шамасында болған.  Сәбиді арбаға салып серуенге шыққан ер адам көшеде құлап, салдарынан арба аударылып қалады. Арба ішіндегі бөбек жерге құлайды. Оқиға Атыраудағы мекемелердің бірінің алдында болды. Оқиғаға куә болған мекеме күзетшісі дереу көмекке ұмтылады. Осы кезде ер адам арбаны сүйреп қаша жөнеледі. Оқиға туралы хабар алған полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде сәбиді отбасына тапсырады. Белгілі болғандай, баланы серуендеуге туған әкесі алып шыққан. Әкесінің денсаулығында кінәраты бар екені анықталды.
"Сәбидің аман-есен отбасымен қауышқаны үшін әжесі алғыс айтуда. Осылайша, атыраулық учаскелік полиция инспекторлары,  полиция лейтенанты Шыңғыс Мұсаев және полиция аға лейтенанты Нұрлан Ерлан әжейдің алғысына бөленді",– делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова