Мақтаарал ауданында жол үстінде ұсталған ер адам полицейдің погонын жұлып алған
Мақтаарал ауданында жол үстінде ұсталған ер адам полицейдің погонын жұлып алған
2,621
оқылды

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жол үстінде ұсталған құқық бұзушы погонын жұлып алып, полицейді балағаттады, – деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Оқиға «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде болған. Полиция инспекторлары әйнектері күңгірттенген, нөмірлері жоқ Daewoo Nexia көлігін байқаған. Жүргізуші полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, үйіне қарай көлікпен қашпақ болған. Полициялар бұзақыны қуып жетіп үлгерген.

Кейін жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жүргізушіге әкімшілік хаттама толтыру кезінде жергілікті тұрғын оның киімінің погонын жұлып, полицейді балағаттай бастаған.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі «Билік өкілін қорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.