Ақтөбеде Ұлыстың ұлы күніне орай қазақтың ұлттық тағамдары таратылды

Ақтөбеде Ұлыстың ұлы күніне орай қазақтың ұлттық тағамдары таратылды

Ақтөбедегі ірі сауда орындарының бірінде ыстық бауырсақ пен сүттен жасалған сусын түрлері тұрғындарға үлестірілді. Бүкіл тағамды келіндер клубының мүшелері әзірлеген. Ұлттық киімдегі қыз-келіншектер саудагерлер мен сатып алушыларға дәм ұсынып, Наурыз мейрамының маңызы туралы айтты. Сондай-ақ жұртшылықты мерекемен құттықтады. Шараға 30-дан астам қыз-келіншек қатысты. Ұйымдастырушылар мұндай шараны енді дәстүрлі түрде өткізбек. – Барлық келіндер үйден бауырсақ пісіріп, үлкендерімізге сәлем беріп, бата алып, ілтипаттарымызды көрсетеміз және түрлі ұмытылып бара жатқан ырымдарымызды, тағамның түрлерін бәрін үйрететін боламыз, – дейді қала тұрғыны Гүлмира Тілеулина. https://youtu.be/v47rJMouPAU