Мәскеуде қазақ жастары шахматтан турнир өткізді
Мәскеуде қазақ жастары шахматтан турнир өткізді
Мәскеуде қазақ жастарының ұлттық ұйымы Наурызға орай шахматтан турнир өткізді. Оған Қазақстаннан келіп оқып жүрген студенттер, сонымен бірге Омбы, Астрахань, Волгоград қазақтары қатысты. Ресей астанасында ай сайын өтетін мұндай басқосулар жастардың бір-бірімен танысып, араласып, туған елмен байланысып отыруына сеп дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.
– Студенттер, басқа жақтан, басқа өңірлерден жұмыс жасауға келген қазақтар, солардың басын қосып, көптеген іс-шаралар ұйымдастырып тұрамыз. Мысалы, шахматтан турнир өткізіп жатырмыз. Қырық шақты адам атсалысып жатыр.  Болашақта одан да үлкен болады деп ойлаймыз қатысушылар саны, – деді Мәскеу қаласының қазақ ұлттық ұйымының мүшесі Сұлтан Салауатұлы.