Түркістанда жерүйде газ жарылып, төрт адам жарақаттанды
Түркістанда жерүйде газ жарылып, төрт адам жарақаттанды
© ser-per.kz

Түркістан қаласының «Яссы» шағын ауданындағы жекеменшік үйде жарылыс болып, бір отбасының 4 мүшесі күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаға газдың шығуы себеп болуы мүмкін. Нақты қай газ түрі екені анықталып жатыр. Әзірге үйден редукторы істемейтін 25 литрлік газ баллоны да табылған. ТЖД мен газ саласының мамандары сараптама жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айта кетсек, 2022 жылдың 23 қарашасында берілген техникалық шарт негізінде жекеменшік мердігер мекеме «Газмонтаж Нур» ЖШС тарапынан құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізген. Алайда, газ желісін қостыруға төлем жасамауына байланысты тұтынушыға желі қосылмаған. Тұтынушы желіні өз бетінше қосқаны анықталды.