Шавкат Рахмонов Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасына үй салып бермек
Шавкат Рахмонов Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасына үй салып бермек
©https://kaz.zakon.kz/
530
оқылды
Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Шавкат Рахмонов Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады. Спортшы қобдалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты. Қолдау ретінде бір отбасына үй салып беретінін қуанышпен жеткізді.
– "Наурыз мейрамымен баршаңызды құттықтаймын. Керемет күнде 24 үйдің қазығы қағылып жатыр. Бұл бастамаға өз үлесімді қосамын деп шештім. "Апат айтып келмейді" дейді. Сынақтарға мойымай, жеңе білдіңіздер. Сіздерге денсаулық, бақыт тілеймін. Тек алға!", – деді Шавкат Рахмонов.