Көкшетауда 40 отбасына пәтер кілті табысталды
Көкшетауда 40 отбасына пәтер кілті табысталды
©https://www.inform.kz/
Наурыз мерекесі күні Көкшетау қаласында 40 отбасына жаңа пәтердің кілті тапсырылды. Баспаналы болғандардың қатарында пәтер кезегінде тұрғандар мен әлеуметтік осал топтағы отбасылар бар.  Облыс орталығындағы «Сарыарқа» шағынауданында салынған көпқабатты жаңа тұрғын үйдің кілтін қала әкімі Бауыржан Ғайса табыстады. «Сарыарқа» шағынауданы күннен-күнге көркейіп, онда зәулім үйлер көбейіп келетіні қуантады. Соның арқасында пәтер кезегін күткен жандардың мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні 40 отбасының баспана мәселесі шешіліп отыр. Тапсырылып отырған тұрғын үй жайлы, сапалы екені сөзсіз. Сіздердің шаңырақтарыңыздағы қуаныш – біздің де қуанышымыз!» – деді  қала әкімі Бауыржан Ғайса. Баспаналы болғандардың бірі – қала тұрғыны Салтанат Сәлімова. Ол осы сәтті асыға күтіп, енді қоныс тойын тойлауға дайындалып жатыр. «Бүгінгі мереке біз үшін ерекше есте қаларлық қуанышты күн болды. Қуанышымызда шек жоқ. Жиһаз бен тұрмыстық техниканы әкелу қалды. Кең дәліз, үлкен, жарық бөлмелер. Мереке күні қуанышымды еселей түскен қала басшылығына алғысым шексіз», – деді баспана иесі. Салтанатты шара барысында жиналғандарға мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Айта кетсек, ақмолалықтар Наурыз мейрамын ерекше тойлап жатыр.