Синоптиктер 5 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады
Синоптиктер 5 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады
408
оқылды
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 1-6 градус жылы күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Павлодар облысының солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жабысқақ қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 4-9, облыстың солтүстігінде 1 градус жылы. Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз 0-5, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылы болады.