Әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандық Валентина Хальзова жеңіске жетті
Әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандық Валентина Хальзова жеңіске жетті
908
оқылды
Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандық Валентина Хальзова жеңіске жетті. Ел құрамасынан Валентина Хальзова (75 келі) түркиялық Элиф Гюнеримен қолғап түйістірді. Ол бұған дейін 2016, 2022 жылдары әлем чемпионы атанса, 2017 жылы Азия чемпионатында күміс жүлде алған.