Ләззат Күнгейбаева әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Ләззат Күнгейбаева әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
969
оқылды
Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында ел құрамасынан жартылай финалға алтыншы жолдамаға Ләззат Күнгейбаева ие болды. Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) ширек финалда үндістандық Нупурмен жолдама үшін таласты. Алғашқы екі раундта боксшылар терезесі тең деңгейде ойын көрсетті. Үшінші раундта қазақстандық боксшының қарқынын арттырғаны байқалды. Нәтижесінде, төрешілер Ләззаттың жеңіске жеткеніне қолдау білдірді. Ләззат Күнгейбаева әлем чемпионатында 2016 жылы алтын алса, 2014 жылы күміс жүлдегер болды. Ал Азия чемпионатында 2021 жылы чемпион атанса, төрт мәрте күміс және қола медаль алған.