Елена Рыбакина АҚШ турниріндегі алғашқы матчын өткізеді

Елена Рыбакина АҚШ турниріндегі алғашқы матчын өткізеді

Бүгін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамидегі (АҚШ) турнирде алғашқы кездесуін өткізеді.  Sports.kz жариялауынша, оның алғашқы қарсыласы ресейлік Анна Калинская (WTA рейтингінде 64-орын) болады. Бұған дейін Елена Рыбакина мен Анна Калинская бір рет ойнаған. 2019 жылы Плейфордта (Аустралия) өткен турнирдің финалында Анна Калинская Елена Рыбакинаны 6:4, 6:4 есебімен жеңген. Еске салайық, жуырда Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі (АҚШ) ірі турнирде жеңіске жетіп, әлемнің 7-ракеткасы атанды.