Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Шымкентте жаратылыстану-математика пәндері бойынша өтіп жатқан республикалық олимпиада кезінде оқушылардың улануына қатысты түсінік берді.
ҚазАқпарат-тың мәліметінше, балалардың астан уланып қалғаны жөнінде әлеуметтік желілерде жазылған. Шағымдарға «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы да, Оқу-ағарту министрлігі де жауап берді.
«21 наурыз күні олимпиаданың 904 қатысушысының 12-сінде дене қызуының көтерілуі, асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылуы түрінде сырқат белгілері пайда болды. Шақырылған жедел жәрдемнің медицина мамандары қарап шыққаннан кейін балаларды Шымкент қаласының инфекциялық ауруханасына жеткізу шешімі қабылданды.
Қазір балалардың жағдайы тұрақталды. Шымкент қаласының санитариялық-бақылау қызметі болған оқиғаның себебін анықтау шараларын жүргізіп жатыр. Балалар медицина мамандарының бақылауында. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті аталған қатысушыларға психологиялық көмек көрсетуде», – делінген «Дарын» орталығының ресми мәліметінде.
[caption id="attachment_246002" align="alignnone" width="1200"]