Геннадий Головкин қазір немен айналысып жүр?
Геннадий Головкин қазір немен айналысып жүр?
Фото: taunews.kz
1,090
оқылды
Геннадий Головкиннің бапкері оның қазір немен айналысып жүргенін айтты. WBA Super/IBF орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Джонатон Бэнкстің айтуынша, GGG қазір жаттығудан үзіліс жасап,  мүмкіндігінше  уақытын отбасымен өткізбекші. Головкин соңғы жекпе-жегін өткен жылы қыркүйекте өткізді. Онда ол трилогиясының соңғы бөлімінде судьялардың шешімімен Сауль «Канело» Альвареске есе жіберді. Ақпан және наурыз айларында Геннадий IBF және WBA атақтарынан бас тартты. «Дәл қазір Геннадий отбасымен уақыт өткізуде. Өйткені өмірін спортқа арнаған адамның көбісі жақындарымен бірге болмай, уақытын жіберіп алған. Сондықтан ол бос уақытын отбасымен өткізбек», —деді Бэнкс slothboxx-ке берген сұхбатында.