Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны азайды
Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны азайды
Фото: dela.ru
487
оқылды
Қазақстанда кейінгі тәулікте 23 адамнан коронавирус анықталды, ал коронавирус белгілері бар пневмонияны бірде-бір адам жұқтырмаған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгін 1 795 адам коронавирус инфекциясынан (1 625+ және 170 КВИ-), олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 655 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 5 адамның жағдайы ауыр; 1 пациенттің жағдайы өте ауыр; 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Еске салайық, бір күн бұрын Қазақстанда 34 адамнан, ал оның алдында 66 адамнан коронавирус анықталған еді.