Алматыда балалар ойын автобусын ұрламақ болған

Алматыда балалар ойын автобусын ұрламақ болған

Алматыдағы MEGA сауда ойын-сауық орталығында кәмелетке толмаған балалар автобус ұрлап, артынан шыныдан жасалған қабырғаға соқтығысқан. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Сауда орталығындағы балалар автобусы кофехананың әйнекті қабырғасына соқтығысып, оны сындырған. MEGA сауда орталығының ішінде орналасқан мекеменің орындықтарына әйнек сынығы шашыраған. Сауда орталығының баспасөз қызметі өкілдері оқиғаның 22 наурызда кешке болғанын хабарлады. "Техникалық үзіліс кезінде аттракцион жабылған кезде кәмелетке толмаған балалар автобусты айдап, кофеханаға соққан. Зардап шеккендер жоқ. Бүгінгі таңда автобустың қызметі қосымша шаралар енгізілгенге дейін тоқтатылды", - деді компания өкілдері. https://youtu.be/fZ15-bM2oDo