Бірнеше өңірде қар еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін
Бірнеше өңірде қар еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін
241
оқылды
«Қазгидромет» РМК күннің жылынуына байланысты төрт өңірде қар еріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті. Синоптиктер Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында 23-25 наурыз күндері қардың жылдам еруін болжап отыр. Ауа температурасының жоғарылауынан бұл өңірлерде қар ериді, өзендерде мұз қабаты әлсіреп, су деңгейі көтерілуі мүмкін. Жергілікті жолдарды еріген қар суы шайып, су басуы ықтимал.
«Ұлытау облысында мұндай құбылыс Ұлытау ауданының солтүстігі мен Жаңаарқа ауданында болады», –  деп нақтылады «Қазгидромет».