Ертең бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Ертең бірнеше өңірде ескерту жарияланды
306
оқылды
Синоптиктер еліміздің  6 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман. Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күндіз күші –  15-20 м/с. Ақтөбе облысының шығысында тұман. Ауа температурасы күндіз 9-14, облыстың солтүстік-шығысында 6, облыстың батысында 17 градус жылы болады. Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші –  15-20 м/с. Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз 2-7, облыстың оңтүстігінде 12 градус жылы болады. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні–  15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 4-9 градус жылы.