Шавкат Рахмонов UFC басшысымен жеке кездесуде қандай әңгіме болғанын айтты

Шавкат Рахмонов UFC басшысымен жеке кездесуде қандай әңгіме болғанын айтты

Аралас жекпе-жектен файтер Шавкат Рахмонов (17:0) UFC президенті Дана Уайттың кеңсесінде қандай келіссөз жасалғанын айтты. Бұл туралы ол "Вестник ММА" YouTube арнасында берген сұхбатында мәлімдеді. Спортшы UFC-дағы жаңа келісімшарты туралы айтты.

"10-15 минут онымен (Дана Уайтпен) сөйлестім, содан кейін матчмейкермен бір жарым сағат жаңа келісімшарт туралы сөйлестік. Жаңа келісімшарттағы шарттар жақсы сияқты. Бірақ олар қандай шарттар ұсынса да, бұл – жеткіліксіз. Жақсы ақша алдым, бірақ одан да артыққа лайықпын. Мұны барлық адам түсіне бермейді. UFC-дың өз саясаты бар, бұл туралы айта алмаймын", – деді ол.
Айта кетейік, UFC-дағы  бесінші жекпе-жегі үшін Шавкат Рахмонов 191 500 доллар (82,5 миллион теңге) тапқан болатын.