Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысын Қазақстан құрамасы жеңіліспен бастады. "Астана арена" стадионында өткен іріктеу матчы аясында Қазақстан құрамасы Словениядан 1:2 есебімен жеңілді. Кездесудің 24-минутында Максим Самородов есепті ашты. Екінші кезеңде словениялық футболшылар таразы басын теңестіруге ұмтылды. Нәтижесінде 47-минутта Давид Брекало көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ал 78-минутта Жан Випотник Словенияны алға шығарды. Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:2 есебімен жол берді. Енді Қазақстан құрамасы алдағы ойынын 26 наурызда елордада Дания құрамасына қарсы өткізеді.