Ішкі істер министрлігі есірткі өндіруге арналған 72 тонна прекурсор тәркіледі (видео)
Ішкі істер министрлігі есірткі өндіруге арналған 72 тонна прекурсор тәркіледі (видео)
Фото: polisia.kz
667
оқылды
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті өндірістік ауқымда синтетикалық есірткі шығару үшін елге прекурсорлар жеткізуді жолға қойған Қазақстан мен шетел азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топтың жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Жедел уәкілдер зертханада синтетикалық препараттарды өндіру үшін қолданылатын прекурсорларды жеткізу арналарын анықтау бойынша арнайы операциялар жүргізді. Топтың әрбір мүшесінің рөлін және басқа адамдардың қатысуын анықтау үшін «арнайы жүк» бүкіл маршрут бойы бақылауда болды. Оған әуе арқылы барлау да қолданылды. Былтыр қазан айында арнайы операцияның бастапқы кезеңінде, сондай-ақ биыл наурызда прекурсорлардың контрабандасына қатысқан үш шетелдік өзге елде ұсталды.   https://youtu.be/RwJQ55zXhKQ Операцияның соңғы кезеңінде 21 наурыз күні Алматыда осы іс бойынша көршілес елдердің екі азаматы және қазақстандық құрықталды. Олардан әртүрлі салмақта мефедрон, шетелдік полиция қызметкерінің жалған куәлігі, зип-пакеттер, электрондық таразылар, Калашников автоматының 7,62 мм калибрлі патрондары тәркіленді. Қоймаларды тінту барысында ІІМ және Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері синтетикалық есірткілерді дайындау үшін қолданылатын прекурсорларды, сондай-ақ екі реакторды, яғни синтетикалық есірткілерді дайындауға арналған арнайы зертханалық жабдықты тәркіледі. Тәркіленген прекурсорлардың жалпы көлемі – 72,7 тонна. Осылайша, 8 тонна синтетикалық есірткі өндіруге жол берілмеді. Бұл 8 миллион бір реттік доза. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.