Мереке күні із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті табылды
Мереке күні із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті табылды
Фото: kaz.tengrinews.kz
2,458
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында Наурыз мерекесі күні жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Aikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Еріктілердің Instagram-да жариялаған мәліметінше, 1982 жылғы Досжан Қасынғалиев 21 наурыз күні жоғалып кеткен. Сағат шамамен 15:00-де ер адам Шемонаиха ауданы Усть-Таловка ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмаған. 23 наурызда ер адамның мәйіті табылған. Еріктілер оқиғаның мән-жайын айтпады.