Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі ретінде танылған 43 жастағы Гүлнұр Назарбаева қазір Дубайда тұрып жатыр, – деп хабарлайды inbusiness.kz.
Гүлнұр Уахапқызы – Болат Назарбаевтың үшінші әйелі болған. Қазір ол хиджаб киіп, 33 жастағы өзбек кәсіпкері Азиз Ниязовтың жары атанған. Балалы жұп қазір Дубайда тұрып жатыр.
Айта кетелік, бұрынғы президенттің інісі Болат Назарбаев биыл наурызда 70 жасқа толды.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Болат Назарбаев пен Гүлнұр Дүйсебаеваның (бұрынғы тегі) некесі 2009 жылғы 25 тамызда Алматы облысы Жамбыл аудандық АХАЖ бөлімінде тіркелген. Неке тіркелгеннен кейін Гүлнұр Дүйсебаева күйеуінің тегін алған. 2013 жылы ол жеке куәлік, 2018 жылы Гүлнұр Назарбаеваның атына төлқұжат алған.