Астана қаласы бойынша мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысы шықты
Астана қаласы бойынша мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысы шықты
© tengrinews.kz
279
оқылды
Астана қаласы бойынша мәслихат сайлауының қорытындысы жарияланды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Астана қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бахыт Бектемісова ұсынған дерекке сай, елордада 788 931 сайлаушы тіркелген. Дегенмен оның ішінде 332 694 адам дауыс беруге келген. Комиссия қорытындысына сәйкес, мәслихат сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар дауысын былай бөліскен: 1. «AMANAT» партиясы – 68,78% немесе 227 307 адам дауыс берді; 2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 0,65% немесе 2 197 адам дауыс берді; 3. Respublica партиясы – 1,63% немесе 5 401 адам дауыс берді; 4. Қазақстан халық партиясы – 5,12% немесе 18 174 адам дауыс берді; 5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 5,49% немесе 18 154 адам дауыс берді; 6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 19,96% немесе 56 045 адам дауыс берді; Ал 3 269 адам «Бәріне қарсымын» бағанын таңдаған.
«5 және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін мандаттар былай бөлінді: «AMANAT» партиясы – 12 мандат, Қазақстан халық партиясы – 1 мандат, «Байтақ» жасылдар партиясы – 1 мандат, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 3 мандат», – деп мәлімдеді Бахыт Бектемісова.