Бір мандатты округтер бойынша Астана қаласы мәслихатына кімдер депутат болды – комиссия қорытындысы
Бір мандатты округтер бойынша Астана қаласы мәслихатына кімдер депутат болды – комиссия қорытындысы
652
оқылды
Аумақтық сайлау комиссиясы бір мандатты округтер бойынша Астана қаласы мәслихатына өту үшін қай кандидаттардың басым дауыс жинағанын жариялады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Астана қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бахыт Бектемісова бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 143 кандидат сайлауға түскенін атап өтті. Комиссия дерегінше, бір мандатты округтер бойынша мына кандидаттар Астана қаласы мәслихатының депутаттығына өтті: №1 сайлау округі бойынша – Владислав Сергеев; №2 сайлау округі бойынша – Динара Байсеркин; №3 сайлау округі бойынша – Азамат Өмірзақов; №4 сайлау округі бойынша – Мадина Әжікенова; №5 сайлау округі бойынша – Азамат Айтқожин; №6 сайлау округі бойынша – Нұрлан Көпешов; №7 сайлау округі бойынша – Салтанат Жаналаева; №8 сайлау округі бойынша – Қанат Естеп; №9 сайлау округі бойынша – Бахаргүл Төлеген; №10 сайлау округі бойынша – Нұрлан Мүсілім; №11 сайлау округі бойынша – Азамат Орынбасаров; №12 сайлау округі бойынша – Сәуле Саймидин; №13 сайлау округі бойынша – Ғабит Тәжімұратов; №14 сайлау округі бойынша – Давид Лория; №15 сайлау округі бойынша – Бауыржан Смайылов; №16 сайлау округі бойынша – Талғат Ерғалиев; №17 сайлау округі бойынша – Жандос Рахмет.