Ақтауда әкесі үш баласын зорлықпен өлтірді
Ақтауда әкесі үш баласын зорлықпен өлтірді
фото Lada.kz
4,107
оқылды
Ақтауда полиция кәмелетке толмаған балаларды өлтірді деген күдікпен олардың әкесін ұстады, – деп  хабарлайды Polisia.kz. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше,  Ақтау қаласындағы 27 шағын ауданның пәтерінен зорлықпен өлім белгілері бар өлі күйінде жасөспірімдер табылған. 2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмағандарды өлтірді деген күдік бойынша полиция қызметкерлері 36 жастағы әкесін ұстады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.