Театр барысы» турнирі өтеді
Театр барысы» турнирі өтеді
569
оқылды
28 наурыз сағат 16:00-де елордадағы Жақсылық Үш­кемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ кү­ресінен театрлар арасында «Театр барысы» рес­публикалық турнирі өтеді. Турнирдің басты мақсаты – еліміздің театрларында ұлт­тық спортты дамытып, қа­зақ күресін кеңінен дә­ріп­теу, сон­дай-ақ Қазақстанның театр кеңістігіндегі актер­лер­дің өнер мен спорттағы шы­ғармашылық әрі әріп­тес­тік байланысын нығайту. Жарысқа еліміздің 17 об­лысындағы театр және кино ак­­тер­лерімен қоса Қобылан­ды Болат және Саят Мақұл­баев сын­ды жалпы есепте 48 актер қатысады. Жоба авторы – Дарын мем­­лекеттік жастар сый­лы­ғы­ның, «Ерен еңбегі» үшін төс­белгісінің иегері, театр жә­не кино ак­тері, үш дүркін «Өнер барысы», Музыкалық жас көрермен теат­рының ак­тері Асылхан Төлепов.