Мемлекет басшысы «Газпром» компаниясының басқарма төрағасы Алексей Миллерді қабылдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Газпром» компаниясының басқарма төрағасы Алексей Миллермен энергетика саласындағы өзара іс-әрекеттің басым бағыттарын талқылады. Сондай-ақ кездесу барысында газ саласындағы бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселесі қарастырылды.