Антикор Алматы облысының судьясы мен Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді. Ведомство дерегінше, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандандырылған ауданаралық экономикалық облыстық соттың судьясына және Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшесінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Судья мемлекет алдында салық берешегі бар 2 кәсіпорынды банкрот деп тану туралы азаматтық істер бойынша шешім шығарғаны үшін салық органы қызметкерінің делдалдығымен пара алды деп күдікке ілінген.