Партия белсенділерінің жиыны өтті
Партия белсенділерінің жиыны өтті
Партияның Шымкент қалалық филиалының фронт-офисінде сайлау нәтижелеріне арналған жиын болды. Партия филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бек­таева­ның төрағалығымен өткен басқосуға партияның белсенді мүшелері қатысты. Кездесуде 19 наурызда өткен сайлаудың нәтижелері талқыланып, жиынға қатысушылар алдағы уақыттағы жұмыс жоспарын талқылады. Жанар Әлібекқызы сайлаушылардың дауысы партияға артылған зор жауапкершілік екеніне тоқталып, алдағы уақытта халық сенімін ақтау жолында аянбай тер төгуге шақырды. Партияластар алдағы уақытта сайлауалды бағдарламада көрсетілген бағыттарды жүзеге асыруға кірісетінін жеткізді.