Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорлары «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Алматы филиалында аса ірі көлемде қаржы жымқырудың қылмыстық схемасының белгілерін анықтады. Тергеу мәліметінше, жалақыны есептеу үшін «SAP HRP» бағдарламасы мен кәсіпорынның Интернет-банкингі арасындағы интеграцияның болмауына байланысты алаяқтық әрекет ашылған.
«Төрт жыл ішінде артық төлемдер өздерінің сенімді адамдарының карточкаларына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырып, ұйымдастырушыларға берілген. Бүгінгі күні айыпталушы адам сотқа тартылды», – делінген хабарламада.Бұл кәсіпорында осындай қылмыс жасау арқылы 80 миллион теңгеден аса ақша ұрлағаны үшін 2023 жылдың қаңтарында жетекші бухгалтер Ж.Құндақбаева сотталған болатын. Яғни, қылмыстың осы түрі кең таралған болуы мүмкін.