Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы Майами мастерс турнирінде жұптық сынды жеңіспен бастады. Қазақстанның әйелдер арасында жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина америкалық Эйжа Мухаммадпен бірге алғашқы кездесуін испаниялық Паула Бадоса – тунистік Онс Жаберге қарсы өткізді. Қазақстандық-америкалық жұп 1 сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Қазақстанның ерлер арасында жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик сербиялық Миомир Кецмановичпен бірге аргентиналықтар Педро Качин – Франсиско Черундолодан 6:3, 6:3 есебімен айласын асырды. Сөйтіп, қазақстандық-сербиялық жұп екінші айналымға өтті. Қазақстандық теннисшілердің екінші айналымдағы қарсыластары кейін анықталады. Жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған Майами додасы 2 сәуірде мәреге жетеді.